Кішкенекөлде чемпионның құрметіне автошеру ұйымдастырылды

Еркін күрестен қазақ балуандары арасынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның құрметіне жерлестері автошеру ұйымдастырды. Оған 100-ге тарта көлік қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ризабек Айтмұқан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында туған.  Ата-анасы аталған елді мекенде әлі күнге дейін тұрады. Ризабекті әкесі бала күнінен спортқа жақын қылып өсірген. Сондықтан балуанды өзі жаттықтырып келген. Қазір спортшы Алматы қаласында тұрады. Және сол жерде түрлі жарыстарға дайындалады. Ол Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, жастар арасындағы Әлем чемпионатының және ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

«Әкесі Ризабекті жастайынан күреске баулып, Чемпион қыламын деп мақсат еткен. Оны спорт мектебіне жұмысқа ертіп баратын. Сол жерде дайындалды. Ұлым сабақты да жақсы оқыды», – деді анасы Гүляр Жолдасбаева.

Ел абыройын асқақтатқан споршты бірер күннен кейін жаттықтырушысымен бірге туған ауылына келмек. Жерлестері спортшыны қарсы алуға дайындықты бастап кеткен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x