Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті

Петропавлда алғаш рет ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті. Оған 120-ға жуық бала қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Акция «Синий трактор» балалар инновациялық-дамыту орталығының тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды. Балалар 60 және 200 метр қашықтыққа  жүгіріп, доппен түрлі ойындар ойнады. Жалпы мұндай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамнан шеттетпей, олардың да спортпен шұғылдана алатындығын көрсету үшін жасалады.

«Бүгінгі іс-шара біздің өңірімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Енді осы акцияны басқа облыстарға эстафета ретінде жолдаймыз. Бойында таланты жоқ бала болмайды. Ал біздің балаларымыз ерекше. Сондықтан олардың  қоғамға  бейімделуіне көмектесуіміз керек», – дейді «Синий трактор» инновациялық-дамыту орталығының жетекшісі Евгения Бойко.

Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті

Акция ұйымдастырушылары, алдағы уақытта мұндай  шараларды дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда петиция құруға болмайтын тақырыптар анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x