Көшеде сауда жасағанда барынша сақ болыңыздар!

Соңғы уақытта қала көшелерінде азық-түлік сататын нүктелердің саны артты. Саудагерлерден ет пен сүт өнімдерін, жеміс-жидек сынды күнделікті тұтынуға қажеттінің бәрін алуға болады. Бағасы да басқаларына қарағанда арзан. Алайда, санитар мамандар көшеден тамақ сатып алудың қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Даладағы саудагерлердің қолдарында санитарлық кітап пен құжаттары жоқ. Тауардың қай жақтан келгені және жарамдылық мерзімі көрсетілмейді. Сонымен қатар, әрі-бері өтіп жатқан көліктердің шаңы бұрқырап, газы да азық-түлікке түсетіні анық. Мұның барлығы адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Көше саудасы Петропавлдағы «Алтын Арман» базары, бұрынғы көтерме сауда орталығы мен «Караван» сауда кешенінің айналысында қызып тұр. Кейбірінде – антисанитария. Мәселен, сүт бұрын қолданылған ыдысқа құйыла береді. Ал жұмыртқа болса, біраз уақыт бойы жылы жерде тұрады, оның бұзылмауы үшін салқын температура керек қой. Сатушылар медициналық тексеруден өтпеген, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттары да жоқ», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Наталья Беляева.

Жасыратыны жоқ, көше саудасы тұрғындарды төмен бағасымен қызықтырады. Дегенмен, тұтынушылар тауардан ұшынып немесе инфекциялық ауруға ұшыраса, саудагерлер жауап бермейді. Үнемдеймін деп ақшаңызды дәрі-дәрмекке жұмсауыңыз мүмкін.

«Қала көшелерінен азық-түлік сатып алмас бұрын саудагерден санитарлық кітапшасын талап етіңіз. Өзіңіз үшін алғалы тұрған өнімнің қашан шыққанын, қалай сақталғанын сұрап алыңыз. Рұқсат етілмеген жерде сауда жасау әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 5 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу қарастырылған», – дейді Наталья Беляева.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға Қызылордадан екі вагон күріш жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x