Кәсіби визажист сотталған әйелдерге макияж жасауды үйретті

СҚО-да кәсіби визажист әйелдер колониясында мастер-класс өткізді. Іс шара сотталғандарды кәсіптік оқыту және табысты қайта әлеуметтендіру аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

 Жазасын өтеушілерге макияж жасап, сәнденуді үйрету үшін қаладағы сұлулық салонының бірінің басшысы шақырылды.  Модель ретінде екі сотталған әйел таңдалды. Бірнеше сағат ішінде тәжірибелі визажист және шаштараз өзінің білімімен бөлісті.  Әр адамның бет келбетінің ерекшлігін анықтап,  макияжды қалай дұрыс таңдау керектігін үйретті. Бетке арналған жақпа майларды дұрыс қолдануға, контурлауға және көзді ерекшелеуге ерекше назар аударылды. Макияждан басқа, әйелдер шашты сәндеудің және шаш үлгісін жасаудың әртүрлі тәсілдерін үйренді. Мастер-класстың мақсаты – сыртқы келбетті өзгерту ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өз-өзін дұрыс бағалауы мен сенімділігін арттыру.

«Бұл мастер-класс өткен қателіктерімізге қарамастан шынымен де бізді қолдауға дайын адамдар бар екенін көрсетті. Бүгінгі сұлулық сабағы біздің өмір жолымызды түзетуге ғана емес, болашақта жұмыс табуға, сенімділікті арттыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға сөзсіз көмектеседі», – деп бөлісті қатысушылардың бірі.

Тағы оқыңыз: Облыс әкімі жаңа орынбасарын таныстырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x