СҚО әкімдігінде кадрлық өзгеріс. Облыс әкімінің жаңа орынбасары болып Қанат Дүзелбаев тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы Торғай облысы, Қима ауданының Қима ауылында туған. Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Торғай облысы, Қима ауданы,Қима ауылындағы «Қима» астық кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады.
1995-1996 жылдары — Торғай облысында Ұлттық банктің есеп айырысу-кассалық орталығының экономисі;
1996-1996 жылдары — «Игілік-банк» коммерциялық акционерлік банкі Жаңақима филиалының маманы, Торғай облысы, Қима ауданы, Қима ауылы аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің кассир-инкасаторы.
1997-1998 жылдары – Торғай облысында бюджеттік банкінің экономисі;
1998-2001 жылдары — Ақмола облысы, Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің аға қазынашысы;
2001-2005 жылдары — Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, аумақтық қазынашылық органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы; Жақсы аудандық қазынашылық бөлімі төлемдерді есепке алу және есептерді жасау секторының меңгерушісі;
2005-2006 жылдары — Ақмола облысы, Жақсы аудандық қазынашылық бөлімі бастығының орынбасары;
2006-2010 жылдары — Ақмола облысындағы «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бөлім бастығы;
2000-2013 жылдары – «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бөлімінің бастығы;
2013-2018 жылдары — Көкшетау қаласы, «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
2018 жылдан бері Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында басшы болды.
Тағы оқыңыз: Облыста алдағы 3 күнде қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады