Облыста алдағы 3 күнде  қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Айтуларынша өңірде қатты жел, көктайғақ, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Облыс бойынша 24-ші қазанда қар да, жаңбыр да жауады. Салдарынан көктайғақ болады. Екпінді жел тұрып, ауа температурасы түнде  нөлден төмен болады.Петропавл қаласында күн бұлтты, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 2-4 жылы болады деп болжанып отыр.

25 қазанда  облыстың көп бөлігінде жауын-шашын сақталады. Күндіз кей жерлерде термометр көрсеткіші 5-10 грдаус жылыны көрсетсе, түнде 0-5 градус болады.  

26 қазанда Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массалары келіп, күн суытады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5 аяз болады. Жаңбыр, қар, көктайғақ сақталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның жолдарында көктайғақтан 4 адам зардап шекті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x