Полиция департаментінде республика күні аталып өтті

Республика күні қарсаңында ПД салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында 30-ға жуық тәртіп сақшысының еңбегі еленіп, кейбіреуінің мерзімінен бұрын шені көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі 

Ұлттық мереке қарсаңында еңбегі еленгендердің бірі – Қанат Оспанов. Ол полиция департаментінде 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын қарапайым криминалист болып бастаған ол бүгін мерзімінен бұрын полция полковнигі шеніне ие болды. Қазіргі уақытта облыстық ПД жедел криминалистік басқарма бастығы.

Полиция департаментінде республика күні аталып өтті
«Республика күні қарсаңында еңбегім еленіп жатыр. Полковник шеніне ие болды. Өте қуаныштымын. 20 жылдан астам уақыт полиция департаментінде қызмет етіп келемін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала. Барлық әріптестерімді, өңір тұрғындарын келе жатқан ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын»,-дейді облыстық ПД ЖКБ бастығы Қанат Оспанов.

Жалпы ұлттық мереке қарсаңында ПД 29 қызметкері марапатталды. Сонымен қатар, бұл күні ПД ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. Іс-шараға келушілерді облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов құттықтап, тәртіп сақшыларының жұмыстарына табыс тіледі.

 

«Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылғы 25 қазанда мемлекетіміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы сәттен бастап еліміздің тәуелсіз мемлекетке айналуының алғышарттары басталды. 2022 жылы президент Қ.Тоқаев республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған ұлттық мереке мәртебесін беріп, бас мейрам ретінде атап өтуге тапсырма берді»,-деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Айта кетейік, 25 қазан күні облыс полицейлері күшейтілген режимде өңір тыныштығын қорғайтын болады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x