Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болған еді.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуден өткізуге мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді. 

Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды. 

Тіркелу үшін: 

1) өтініш; 

2) ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі; 

3) техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет.  

Автокөлікті заңдастыру үшін өтінім Egov қызметі және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беріледі.

Тағы оқыңыз: Темекі тағы қымбаттайды 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x