Дизель отынының бағасы арзандады

AMANAT партиясының бастамасымен дизель отынының бағасы арзандады. Енді аграрийлер үшін өнімнің 1 литрі 250 теңгеден сатылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елдегі шаруалардың көпшілігі дизель отынының бағасы жайлы мәселені талай рет көтерген. Айтуларынша, жеңілдетілген деген атына қарамастан, өнім жоғары бағада сатылып жүрген. Қымбатшылық ауыл шаруашылығы өнімдерінің, басқа да тауар мен қызметтердің бағасына әсер етпей қоймасы анық. Сол үшін кәсіпкерлер талай мәрте дизельдік отынды арзандатуды сұрады. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов ведомство жеңілдетілген бағадағы дизель отынын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, оның 1 литрін 238 теңгеге дейін арзандату туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Мәселе мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағар май алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын жеткізу, сақтау қызметін көрсететін өңірлердегі делдалдардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы болып отыр. Энергетика министрлігі ұсынған өңірлік жанар-жағар май операторларының 1 литріне 12 теңге деңгейіндегі маржасын ескере отырып, жеңілдетілген бағадағы дизельдің 1 литрі 250 теңдеген аспауы тиіс», – деді Ерлан Ақкенженов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жұмыссыздар көбеюде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x