Депутаттар Қазақстанға шетелден әкелінетін көліктердің бастапқы тіркеу құнын азайтуды ұсынды

Еліміздегі автопарк ескіруде. Оған сырттан әкелінетін автокөліктерге салынатын кедендік баж салығының жоғары болуы көлік құнына әсер етеді, дейді депутаттар. Сондықтан олар жағдайды реттеу мақсатында премьер-министр Әлихан Смайыловқа жүгініп, ұсынысын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі NUR.KZ сілтеме жасап.

Ескі көліктер атмосфераға зиянды газдардың шығарылу деңгейі бойынша техникалық талаптарға, қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмеуі мүмкін. Көлік бағасы түсіп жатқанына қарамастан, депутаттар ескі көліктердің саны артқанын айтады. Сондықтан олар жағдайды реттеу мақсатында премьер-министрге жүгініп, ұсынысын айтты. Тиісті депутаттық сауал парламент мәжілісі сайтында жарияланған. Депутаттардың пікірінше Қазақстандағы ескі көліктер жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төндіреді.

«Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің 49 пайызы зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан. 21 пайызы 10 жылдан асқан көліктер. Шығарылғанына 3 жыл толмаған көліктер үлесі 6-ақ пайыз ғана екен. Осыдан-ақ Қазақстандағы автопарк жағдайы мүшкіл екенін білуге болады», – делінген сауалда.

Сондай-ақ депутаттық сауалда ескі көліктер жол апатына жиі ұшырайтыны айтылған. Сауалда жазылған мәліметке сүйенсек, бұл мәселе сырттан әкелінетін көліктерге салынатын баж салығы секілді төлемдер салдарынан туындап отыр. Қосымша құн салығы (ҚҚС) – автокөлік бағасының 12 пайызына тең. Мемлекеттік баж – көлік құнының 15 пайызына тең. Сәйкестендіру сертификатын диллерлерден алу керек, ал құны 60 000 теңгеден 140 000 теңгеге дейін болуы мүмкін. Кедендік баж – шамамен 20 700 теңге. Автокөлік қозғалтқышының көлеміне қарай алынатын утильалым – 2024 жылы құны 276 900 теңгеден 2 миллионнан асуы мүмкін. Яғни соның салдарынан шетелдік автокөлік Қазақстанға әкелінген кезде оның құны айтарлықтай жоғарылайды. Бұл өз кезегінде халықтың сатып алу қабілетіне әсер етіп,жаңа көлік алуды қиындатуы мүмкін.
Депутаттар  мынадай шараларды қабылдау ұсынған: Қазақстанға шетелден әкелінетін автокөліктердің бекітілген кедендік құнын төмендету.  Бастапқы тіркеу құнын азайту. Қазір 3 жыл бұрын шыққан көліктерді әкелу үшін 1,8 миллион төлеу міндетеледі, бұл шекті 7 жылға мерзімге дейін созу. Утилалымның бағасын төмендету. Депутаттардың сөзіне сенсек, мұндай шаралар Қазақстандағы көліктердің құнын төмендетуге ықпал етуі керек. Осылайша елімізде жаңа, техникалық талаптарға сай, қауіпсіз әрі экологиялық таза көліктердің үлесі артады.

Тағы оқыңыз: Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты қысқартылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x