Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты қысқартылды

2024 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілді. Енді бейіндік пәндерге жаңа тапсырмалар қосылып, тест уақыты қысқарады. Бұрын 4 сағат берілген болса, енді талапкер 3 сағат 30 минутта жауап беріп үлгеруі керек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Дегенмен ерекше қажеттілігі бар балаларға берілетін қосымша 40 минут сақталады. Жалпы алғанда пән санында өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай үшеуі міндетті және екеуі – таңдауына қарай, дегенмен «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» деген міндетті пәндерден тапсырма саны 5 сұраққа азаяды.

Ал бейіндік пәндер бойынша сұрақ саны артып, жалпы тест тапсырмасы 40 болады. Өзгерістер қатарында бейіндік пәндерде берілген тізім ішінен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.

Тесттегі сұрақ саны — 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» — 20, «Оқу сауаттылығынан» — 10, «Математикалық сауаттылықтан» — 10 және екі бейіндік пән бойынша — 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

«Шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлер «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерімен қатар «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. «Математикалық сауаттылықтан» тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталған. Сондықтан бұл пән барлық талапкерге міндетті», – деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Тағы оқыңыз:Елімізде ауылға баратын жастарға 9 млн теңге несие беріледі

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x