Демалыс күндері жауын-шашын болады

Алдағы бірнеше күнде Қазақстанның барлық аумағында тұман мен жел күшейеді деп күтілуде. Бірқатар өңірлерде-жауын-шашын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

14-16 қазан аралығында солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтілуде.  Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Жалпы, Қазақстан бойынша синоптиктер тұман мен жел болады деп болжап отыр. Республиканың басым бөлігінде күндіз термометрлердің бағандары 10-20 гардусқа дейн көтерілсе, түнде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда 1-ден 3 градус нөлден төмен болады деп күтіледі. Қазан айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, екінші онкүндіктің басында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болмақ.  Синоптиктер айдың соңында елдің барлық аумағында жаңбырлы қар, тұман және көктайғақ болады деп отыр.  

Тағы оқыңыз: Жыл сайын балаларда 600-ге жуық қатерлі ісік жағдайы анықталады

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x