2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы үкіметтің тиісті қаулысында көрсетілген, деп жазады Qazaqstan Media.

Шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында жүзеге асырылады. Негізгі мақсат — Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыру және әскери даярланған резервті қалыптастыру.

Жоспарға сәйкес, 700 запастағы офицер Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жіберіледі. Сонымен қатар, 80 офицер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға, ал 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастарға адам саудасы жайлы айтылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *