[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/DSC_7036.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы №2 орта мектеп «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» атты қайырымдылық жобаға енді. Ол ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында еліміздегі 17 ауылдық мектеп жаңартылды. Бұл тізімге Уәлиханов ауданы №2 Кішкенекөл орта мектебі де енген. Мектепте жалпы 32 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберханалары- STEM-зертхана, АРТ-студия, телестудия, оқушыларға арналған коворкинг аймағы бар кітапхана жабдықталды.

«Біздің мектебімізде жаңа өзгерістер болып жатыр. Жаңа құрал-саймандар әкелінді. Оқушылар бүгінгі сабақта ағашпен жұмыс жасап, оны өңдеумен айналысып жатыр. Бұл жерде керек құрылғылардың барлығы бар. Бұрын мұндай құралдар болған емес. Яғни, мектептегі өзгерістер білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беруде», – дейді №2 Кішкенекөл орта мектебінің мұғалімі Қуаныш Нартайұлы

Бұл – «Қазақстан халқына» қоры, «Білім беруді тұрақты дамыту» қоры мен НЗМ бірлескен жобасы. Жалпы бір мектепті жаңғыртуға 250 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. 

«Қордың негізі 2019 жылы қаланды. Қала мен ауыл мектептері арасында теңсіздіктер бар. Сол теңсіздіктерді жоюға жұмыс жасаймыз. Теңсіздіктер біріншіден, ұстаздардың біліктілігінің жетіспеушілігінен. Екінші ол, материалдық-техникалық жабдықтарының аз болуынан», – дейді «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының жоба менеджері Аслан Айтахметов.

Аталған жоба аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысы іске асырылады. Оны НЗМ мұғалімдері жүргізеді.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/DSC_7232.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x