Аманаттықтар сусыз қалған тұрғындардың проблемасын шешті

Жергілікті «AMANAT» партиясының өкілдері 3 күн бойы сусыз отырған тұрғындардың проблемасын шешті. Осы жолы мәселе Ақжар ауданы Ленинград ауылында пайда болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тіршілік көзінің болмауына найзағай себеп болған. Табиғат құбылысынан кейін «Ближний» кен орнындағы кешенді трансформаторлық қосалқы станция зақымданған көрінеді. Сол үшін «AMANAT» партиясының өкілдері проблеманы шешуді қолдарына алған.

«Мұндай трансформатордың құны 700 мыңнан басталып, 3 миллион теңгеге дейін жетеді. Оны демеушілік қаражатқа сатып алу туралы шешім қабылданды. Ауылдық округ әкімі Асан Маймақов маған Ленинград ауылдық округінің депутаты ретінде өтініш білдірді. Демеушілік қаражат жинауды ұйымдастырдық: аудандық мәслихат депутаттары Жұмали Нұрманов, Сағындық Шүлембаев, Нариман Смағұлов, Жарас Жағпаров, «Ленинград жолдары» ЖШС директоры Александр Коротков, «Бекет» ШҚ директоры Марат Шәпенов, облыстық депутат Орынбасар Ысқақова, жергілікті тұрғын Элим Расуев, «Болашақ» ЖК көмектесті», – деді «AMANAT» партиясы Ақжар аудандық филиалының төрайымы Оксана Киккаринова.

Жаңа қондырғы Көкшетау қаласынан жеткізіліп, мамандар келесі күні-ақ орнатуға кірісті. Алдымен су резервуарларға, содан кейін су мұнарасынан ауылдың тарату желілеріне берілді. Осылайша, жексенбі 16 шілде проблема толықтай шешімін тапты.

Тағы оқыңыз: Қала көшелерін жөндеу жұмыстарына байланысты автобустардың бағыты өзгереді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x