Синоптиктер 18, 19 және 20 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Болжам бойынша, аз жылжымалы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 19-20 шілдеде солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», — делінген хабарламада.
Жалпы, облыстық казгидромет мамандарының мәліметінше, шілде айының алдағы екі аптасы жауын-шашынды болмақ. Орташа ауа температурасы 20 градусты құрайды.
Тағы оқыңыз:Облыстық білім басқармасы«Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырады