А.Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

СҚО-ның әкімі болған Айдарбек Сапаров енді Ауыл шаруашылығы министрлігін басқармақ. Тиісті жарлыққа бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-ны бір жылға жуық басқарған Айдарбек Сапаров бүгін Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 57 жасар шенеунік осыған дейін де ведомствода еңбек еткен. Ол 2019 – 2022 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып еңбек еткен. Ал оған дейін СҚО әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Өңірдегі бірнеше ауданның әкімі де болып үлгерген.  

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін Ербол Қарашөкеев басқарған еді.

Тағы оқыңыз: 500 жерлесіміз күзде әскер қатарына алынады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x