[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/v-sko-zaderzhan-31-letnijj-voditel-lishennik-ekhavshijj-v-pyanom-vide-za-rulem-s-rybalki-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО-да 5 күн ішінде 24 жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Олардың барлығы  темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір полицейлері 13-17 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында құжаттарын тексеру мақсатымен «Mazda» автокөлігін тоқтатты. Машинаны басқарып келе жатқан 20 жастағы жергілікті тұрғыннан алкогольдің иісі білінбесе де, оның іс-қимылы күмән тудырған. Полицейлер оған медициналық тексеруден өтуді ұсынады. Нәтижесінде, жігіт есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы солтүстікқазақстандық 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

«СҚО жолдарындағы апаттылыққа жасалған талдау 2022 жылы мас жүргізушілердің кінәсінен жасалған жол-көлік оқиғаларының саны 2021 жылмен салыстырғанда 20 %-ға азайғанын көрсетті. Десе де, солтүстікқазақстандықтар әлі де көлік тізгініне алкогольдік ішімдіктер ішіп отыруды тыятын емес. Мұндай жағдайлардың әрқайсысы қайғылы жағдайларға апарып соғуы мүмкін. Олар айналадағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Өткен жылы облыста 845, ал жақында өткен жедел- профилактикалық іс-шара барысында 24 мас жүргізуші ұсталды», — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы, іс-шара өткен уақытта жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1685 фактісі анықталды. Негізінен ол – қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқарып отырып телефонмен сөйлесу және жылдамдықты арттыру.  

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *