2GIS қазақша бағыт-бағдар береді

Енді 2GIS қазақша бағыт-бағдар береді. Dropbox.kz жариялаған ақпаратта навигатор тілін мобильді қосымшаның баптауында өзгертуге болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2GIS қолданушыларына алматылық дикторлар Бибігүл Керімова мен Ерланби Даулетияр қазақша бағыт-бағдар беріп отырады. Қосымшаның продюсері әрі редакторы Роман Жайворонның айтуынша, навигатордың сөздері қысқа да нұсқа, табиғи қазақ тіліне жақынырақ етіп жасалған.

«Қазақша навигаторды кез келген маршрут кезінде қосуға болады. Дауысты 2GIS мобильді қосымшасында навигатор баптауларын басып таңдауға болады», – деді Роман Жайворон.

Қоса кетсек, 2GIS сәуір айында қазақшаланған болатын. Яғни, енді қаладағы қоғамдық орындар, дүкен және мәдени нысандарды ана тілімізде іздеуге болады. Тағы айта кетерлігі, мобильді қосымшада жалпы орыс тілі тұрса да, дауыстық кеңестерді қазақша қосуға болады, немесе керісінше.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы полиция мен мемлекеттік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x