2024 жылы петиция жарияланатын жаңа платформа іске қосылады

2024 жылы сәуір айында петиция жарияланатын жаңа платформа іске қосылады. Оны мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Отбасындағы және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғау туралы петицияға 150 мыңға жуық қазақстандық қол қойған болатын. Бірақ оны жаңа платформаға автоматты түрде ауыстыру мүмкін емес екен. Яғни, қайтадан қол жинау керек.

“Онлайн тәртіпте жаңа платформада дауыс тез жиналады. Бұл платформа сәуір айында іске қосылады. Бұл тұрғыда әр азаматта петицияны жариялауға заңды құқығы болады. Себебі, заң қазан айында қабылданды, ол 6 айдан кейін күшіне енетін болады. Сондықтан келер жылдың сәуір айында онлайн-петиция жұмысын бастайды. Бұл тұрғыда петиция жариялауға барлық заңды негіз болады», – деді Данияр Қадыров.

Сонымен қатар ол әр адам өзінің жанайқайын қазірдің өзінде eOtinish арқылы жариялай алатынын еске салды. Кез келген өтінішті мемлекет қарастырады. Әсіресе, қоғамдағы резонанстық мәселелерге міндетті түрде назар аударылады, деді вице-министр.

Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданында жолдардың 20 %-дан астамы жөндеуді қажет етеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x