ЭКО операциясы

Ағымдағы жылы Қазақстанда ЭКО операциясын жүргізу үшін жалпы 7 мың квота бөлінді. Мұндай қызмет еліміздегі 19 клиникада көрсетіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ЭКО операциясы бала сүйгісі келіп жүрген отбасыларға арналған. Еске салсақ, 2020 жылдан бері бұл бағдарлама міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады. Еліміздің 19 клиникасында операция жасату мүмкіндігі қарастырылған. Оның жетеуі – Алматы қаласында, үшеуі – Астанада, Шымкент пен Таразда екі-екіден. Сонымен қатар, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен және Түркістан қалаларында да клиникалар бар. Қалған 11 облыста (Абай, Ақмола, Алматы, БҚО, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Ұлытау облыстарында) Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан ұйымдар жоқ. Қоса өтсек, биыл Қазақстанда ЭКО отасына 7 мың квота бөлінді. Қатысу үшін емханаларға барып тіркелу керек.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің алатын еңбекақысы көбейеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x