Петропавлда жаяу жүргіншілер жолынан жүгіріп өтпек болған 16 жастағы қызды автобус қағып кетті. Жапа шегуші медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқыс оқиға Қизатов көшесінде орын алды. Зардап шеккен қызға медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы шақыртылған. Мамандар оны түрлі дене жарақатымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізді.

“Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша маршруттық автобустың жүргізушісінің мас күйде болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау материал жиналуда”, деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Облыста 650 км жол жөнделмек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x