[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-13-at-17.13.59-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Солтүстікқазақстандық әскери қызметші қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды. Оқиға бүгін «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызында орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

 6637 әскери бөлімінің қызметшісі Ерсін Жантурин Петропавлға іссапардан келе жатқан. Ол купе вагонда қыздың айқайын естіп, бірден көмекке ұмтылады.

«Оқиға кешкі уақытта болды. Вагон мейрамханасында кешкі ас ішіп болған кезім. Өз купеме қайтып бара жатқанымда қыздың айқайын естідім. Жүгіріп барсам бір ер адам қызды зорламақ болған екен. Қаскөйді ұстап, поезд мамандарын шақырттым», – деп есіне алады майор Ерсін Жантурин.

 Әскери қызметші қызды зорламақ болған адамды Сарышаған станциясындағы полиция қызметкерлеріне тапсырған. Ұсталған М. есімді азамат 1987 жылы Қарағанды облысында туған екен. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x