[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-07-at-14.31.01.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жастарды жұмыспен қамту. Осындай мәселелерді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әлфараби Мыңбай өзінің сайлауалды бағдарламасында көтерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әлфараби Мыңбай үнемі жастармен жұмыс жасайды. Әрі өзі де жас болғандықтан олардың проблемаларын жақсы түсінеді. Әсіресе, ол қыз-жігіттердің қазақ тілінде сөйлей бермейтініне налиды. Сондықтан ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуді басты назарға алып отыр. Сөзінше, мемлекеттік тілді қоғам арасында дамыту арқылы жастарды патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады.

«Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін нақты іс-шараларды қолға алу қажет. Өзім түрлі конкурстар өткізу арқылы жастардың тілге деген қызығушылығын арттырғым келеді. Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта «AMANAT» партиясы жанынан ашылған «Сөйле» speaking-клубы жұмыс істеп тұр. Келешекте партиямен бірлесіп, осы мәселені шешуге тырысамыз», – дейді «AMANAT» партиясы атынан №15 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Әлфараби Мыңбай.

Үміткер қаладағы жастарды жұмыспен қамтуға да көңіл бөлмекші. Ол үшін кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2,5 пайызбен берілетін несиені алуға қолдау көрсетуге ниетті. Сонымен қатар, қыз-жігіттерге құқықтық және психологиялық көмек берілуі керек дейді. Яғни, жастар тұрақты түрде мамандарға жүгіне алуы тиіс. Әлфараби Мыңбай келешекте осындай шараларды ұйымдастыруға ат салыспақ.

 

«QazaqstanMedia» ЖШС Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Ә.Х.Мыңбайдың тапсырысы бойынша дайындады, қаражат үгіт-насихат іс-шараларын өткізу үшін республикалық бюджеттен бөлінді.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x