Әйел мен екі бала өртенген үйден шыға алмай қалған: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрт кезінде жұбайының көзінше бір жасар қызы, әйелі және інісі қайтыс болған. Ер адамның сөзінше, ол жақындарын құтқара алмай қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

От үйге кіреберіс жақта тұтанған. Сондықтан есіктен шыға алмасын түсінген ер адам әйелі, бір жасар қызы мен інісін құтқармақ болып, терезені сындыруға кіріседі.

 

«Сол кезде сыртқа тезірек қашып шықпақ болған келіншек балаларды ұстап кіреберіс жаққа қарай жүгіреді. Нақ сол жерде олардың өлі денесі табылды. Ал жігіт терезені сындырып шыққан. Жалпы, үйде 5 адам тұрған. Қайғылы оқиға болған күні аналары жұмыста болған», – дейді СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Әйел мен екі бала өртенген үйден шыға алмай қалған: Оқиғаның мән-жайы анықталды Әйел мен екі бала өртенген үйден шыға алмай қалған: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Тағы оқыңыз: Петропавлда өрттен қаза тапқандарды жерлеу шығындарын қалалық әкімдік өз мойнына алды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x