Петропавлда өрттен қаза тапқандарды жерлеу шығындарын қалалық әкімдік өз мойнына алды

Петропавлда бір үйдің келіні, немересі және кіші ұлы өрттен көз жұмды. Марқұмдардың жерлеу рәсімін қалалық әкімдік өз мойнына алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласы әкімі Серік Мұхамедиев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан қолдау болатындығын айтты.

«Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсіміне, уақытша пәтер жалдауға, басқа да қажеттіліктерге ақшалай көмек көрсетілетін болады», – деп жазды қала әкімі әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз Петропавлда жеке үй өртеніп, әйел мен 2 бала қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x