Қытайлық кәсіпкер өңірден 100 мың тонна астық сатып алмақ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров өңірге келген қытайлық «Сиань Ай Цзюй» корпорациясының президенті Цзя Хэйді қабылдады. Қос тарап екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту жайын талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қытайлықтар әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытып отыр. Бұл бағытта облысымызда ауқымды жобалар қолға алынып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілмек.

«Облысымызда бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Инвесторлармен жұмыс жасауға дайынбыз. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетеміз», – деді жиында сөз алған Айдарбек Сапаров.

Инвестор биыл өңірге 20 млн доллар инвестиция құймақ ниетте. Олар солтүстіктің алтын астығын сатып алмақшы. Осылайша, биыл 100 мың тонна бидай аспан астына жөнелтілмек.

«Сіздерден сапалы бидай сатып алғымыз келеді. Мақсатымыз – осы жердің астығын аспан асты елінде жалпақ жұртқа таныту. Элеватор басшыларымен кездесу өткізсек дұрыс болар еді. Ақылдасып, барлығын егжей-тегжейлі талқылайық. Біз үшін сапа – бірінші орында. Келер жылы сіздерден тағы 500 мың тонна астық сатып алмақшымыз. Ал одан кейінгі жылы Қытайға 1 млн тонна өнім жеткізгіміз келеді. Бұл жұмыс қос тарапқа да тиімді болары сөзсіз», – деді «Сиань Ай Цзюй» корпорациясының президенті Цзя Хэй.

Әріптестік мұнымен шектелмейді. Қытайлық азамат келешекте сатып алатын астық көлемін 10 есеге арттыруды көздеп отыр. Қомақты қаржы Тайынша ауданында үлкен аграрлық парк салуға мүмкіндік береді. Ол жерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен саудасы ғана емес, тамақ өндірісі және Қытайдан жеткізілген тауарларды Қазақстан арқылы экспортқа шығару ісі де қолға алынады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да арзандатылған дизельдік отын белгілі бір тұлғаларға ғана берілген

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x