[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»14162,14163″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Олег Иванов облыс орталығын тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған «Қызылжар су» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті. Бүгіндері бекітілген тарифке сай, мұнда жалақы мөлшері мардымсыз көрінеді. Яғни, бағалар еңбекақыға қарағанда әлдеқайда жылдам өсуде. Сондықтан жалақы мөлшерін арттыратын кез келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өзін-өзі ұсынған кандидат Олег Иванов қаланың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарда жалақы мөлшерлемесін өзгертудің уақыты келгенін айтып отыр. Бұл кадр тапшылығын шешуге септеседі. Сондай-ақ, депутаттыққа үміткердің сайлауалды бағдарламасында дуалды оқыту жүйесін енгізу және тәлімгерлік үшін сыйақы беру көзделген.

«Еңбек заңнамасында қызметкерлердің қорғалған санаттары бар, оларға кәсіпорынға жаңадан жұмысқа орналасқан жас қызметкерлерді қосу қажет деп санаймын. Сырттай білім беру азаматтар үшін қолжетімді болуы тиіс. Бұл кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деді Олег Иванов.

Кандидат көтерген елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де қызметкерлерді бей-жай қалдырмады. Бүгінде ауылдардың жартысынан көбінде бұл проблема өзекті болып отыр.

«Бұрын елде су, суару, көгалдандыру мәселелерімен айналысатын су шаруашылығы және мелиорация министрлігі жұмыс істеген. Барлығы судың алтыннан да қымбат екенін біледі. Сол себепті, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор», – дейді кандидат.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x