Қожаберген жырау жайлы қойылым сахналанды

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Дауылпаз Баба-Қожаберген» қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қожаберген Толыбайұлының 360 жылдығы және «Елім-ай» дастанына 300 жыл толуына орай туындының желісі бойынша қойылым көрсетілді. Қазақ халқының басынан өткерген қиыншылықтар, Қожаберген батырдың мықтылығы мен қайсарлығын театр актерлері шебер суреттей білді.

«Бүгінгі қойылымнан керемет әсер алдым. Барлығы жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын. Зал лық толы. Қожаберген батыр өз кезінде мықты ақын, қолбасшы, дипломат болған адам ғой. Оның ұрпағы болғаныма мақтанамын. Қойылымда көз алдыма сол уақыттағы қазақ халқының жағдайы елестегендей болды. Актерлер өз рөлдерін шебер ойнайды екен», – деді Қожаберген жыраудың ұрпағы Бектас Қабиев.

Театр қойылымының қоюшы режиссері Баатырбек Шамбетов, Аманжол Зағыпар. Суретшісі: Садыр Ниязакунов.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде 1000 студент тегін білім алады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x