Қазақстанда жол қозағылысы ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі өседі

Үкімет жол ережесін бұзғандарды дереу жазалап, айыппұлдар көлемін көбейтуді көздеп отыр. Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы бес жылда елімізде 75 мың жол апаты тіркеліп, 100 мыңға жуық адам зардап шеккен.

«Жол апатының төрттен бір бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асырғанының салдарынан болған. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасы жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде көлікті масаң күйде басқару және малдың жайылымын бақылаусыз қалдыру салдарынан болған», – деп бас прокуратура үйлестіру кеңесінде айтылды.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының болуына жолдар мен жол инфрақұрылымының сапасыздығы, жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілер мен такси жүргізушілері әсер еткен. Бас прокуратура жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін азайту мақсатында инфрақұрылымды жақсартып, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайын автоматты түрде тіркейтін камералар желісін көбейтуді, айыппұлдардың көлемін арттыруды көздеп отыр.  

Тағы оқыңыз: Облыста шағын және орта бизнес дамуда

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x