Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс алаңында 255 мың теңге және одан жоғары мобильді аударымдар неліктен бақылауға алынатынын түсіндірді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Салық органдары алдымен төлем санына қарайды екен. Егер ол жеке кәсіпкер және аударым саны – 100 болса бірінші белгі болып саналады. Екінші көрсеткіш – үш ай қатарынан, яғни қаңтар, ақпан, наурыз айларында 100 аударымнан көп түсетін болса.

Ал үшінші белгі – үш айдағы бұл төлем сомасы 255 мың теңгеден асса, бақыланбақ.

Ержан Біражановтың айтуынша, қазір ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Үш айда 255 мың теңге. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жеке кәсіпкерлерді құру үшін ең төменгі жалақының 12 айлық кірісі қажет. Бұл миллион теңгеден асады. Сондықтан егер үш айдың әр айында 85 мыңнан көп ақша түсетін болса, кәсіпкерлік мақсатқа арналған деп есептеледі екен.

Вице-министр үш ай қатарынан әртүрлі тұлғалардан 100 аударым түссе мониторингке алынатынын атап өтті.

«Сонымен қатар қосымша критерийді қарастырамыз. Егер барлық аударымдар сомасы 255 мың теңгеден асса, біз салықтық бақылауға аламыз және ол түсініктеме беруі үшін хабарлама жібереміз. Біз қосымша салықтарды алмаймыз, айыппұл салмаймыз, ешқандай тексеру жұмыстарын жүргізбейміз, біз одан түсініктеме сұраймыз болды»,– деді Ержан Біржанов.

Тағы оқыңыз:Несиесін 90 күн өтемей жүрген азаматтарға тұтынушылық кредит берілмеуі мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x