Қазақстандағы оқулықтардың 80%-ы цифрлық форматқа көшірілді. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа тілшісі.

Заманауи форматтағы оқулықтарды дайындауға еліміздің 11 баспасы тартылды. Туындылар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген. Министрліктің хабарлауынша, пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтердің оны пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылды.

«Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған»,– дейді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Баспасөз қызметіндегілер электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылатынын да қоса өтті. Бүгінде 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Оны күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көмірді қайдан сатып алуға болады?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x