Қызылжар ауданында қаңғыған иттер малдарды қырып жатыр

Қызылжар ауданының тұрғындары қаңғыған иттердің проблемасын шеше алмай жүр. Себебі иесіз қалған жануарлар  қорадағы мал мен құсқа шабуылдап,  жұртты үрейде ұстауда. Ауыл азаматтары, иттер бір күні адамарға шаба ма деп қорқады, деп жазады Qazaqstan Media.

15 күнде иттер 20-ға жуық қойды қырып тастаған. Оған үй құстарын қосыңыз. Өлген үйрек пен тауықтың нақты санын ешкім білмейді.

Қаңғыған иттердің мәселесін  Қызылжар ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі де көтеріп отыр, ол әлеуметтік желіге де жазған.

«Бұл қауіпті мәселе! 2022 жылдың 1 наурызынан бастап иттерді атуға тыйым салатын заң күшіне енді. Қазір Бәйтерек ауылында 50 иесіз қалған жануар бар. Біз олардың санын үнемі бақылап отырамыз. Тек екі аптаның ішінде мұнда 18 қой мен 10-ға жуық тауықты талап тастады. Мұндай жағдай Чапаево, Подгорный ауылдарында да бар. Иттер қорадағы малды қырып жатыр», — дейді ауылдық округ әкімі Ринат Шұғайыпов.

Қаңғыған жануарлардың көбеюін Ринат Шұғайыпов ең алдымен, адамдардың жауапсыздығы деп отыр. Оған қоса, су тасқынынан кейін иесіз қалған иттердің саны арта түскен.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бірақ  жергілікті билік өкілдері бұл уақытша ғана дейді. Себебі алда оқу жылы келе жатыр. Балалардың мектепке барып-келуі қауіпті болайын деп тұр.

«Иттер балаларға үреді. 2023 жылы балаға қаңғыған ит шабуыл жасаған болатын.  Биылғы қыста менің үйімнің жанында бір ит қыз балаға бас салды. Уақытында көріп, қорғап қалдық», — деп отыр Ринат Шұғайыпов.

Тұрғындар бұл мәселені жедел шешуді талап етіп отыр. Бірақ, заң аясында иесіз жануарларды атуға болмайды. Ал, оларды аулап, орналастыратын орын жоқ.

СҚО Ветеринария басқармасында бұл ақпаратты растап отыр. Айтуларынша, әрбір аудан қаңғыбас жануарларға арналған орындарды өздері ұйымдастыру керек екен. Сондықтан, қаңғыбас иттердің мәселесі әлі ұзаққа созылатын түрі бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлері екі келі «синтетиканы» тәркіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x