2029 жылғы қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтеді. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын доданы Алматы қаласы қабылдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл туралы дүйсенбі күні Азия Олимпиадалық кеңесі мәлімдеді. Аталған дода бастапқыда Сауд Арабиясында өтуі тиіс болған. Бірақ, белгілі бір себептермен аталған мемлекет ойындарды кейінге шегеру туралы хабарлаған.
Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан бейсенбі күні Италияның Милан қаласында өтетін рәсім барысында келісімшартқа қол қояды.
Айта кетейік, қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына 2022 жылы берілген еді.
Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінің студенттеріне әлемге белгілі ғалым сабақ береді

