[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/rustam8285_01.MP4_snapshot_00.09.628-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Өңірдің ең қарт тұрғындарының бірі жуырда 103 жасқа толды. Жастайынан талай қиындықты көріп өссе де сағы сынбаған Қапыш Қосубаевамен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасты.  

Облыс орталығының тұрғыны Қапыш Қосубаева 1920 жылдың 6 ақпанында Тимирязев ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ауыр еңбекке араласып, небір қиыншылықты бастан өткерген.

«Жас кезімізде соқа айдадық. Колхоздың өгізін парлап жегетінбіз. Өміріміз қара жұмыспен өтті. 13-14 жасқа толмай соғыс басталды. Бала болсам да, майданға кеткен аға-апаларымызға киім-кешек, азық-түлік жіберетінбіз», — деп көпті көрген кейуана Қапыш Қосубаева жастық шағын еске алды.

Қапыш Мырзахметқызы ашаршылықты, қуғын-сүргін мен сұрапыл соғыс жылдарын бастан өткерсе де, сағы сынбаған. Керісінше, сол уақытта басына түскен ауыртпалық оны шыңдай түскен. Сондықтан оның бүгінгі жастарға берер кеңесі де мол. Ол — ешқашан мойымай, тек алға ұмтылу. Тағы кейуана «еңбекпен тапқан нан тәтті» дейді. Яғни, кез келген жұмыстан қорықпай, адал еңбек ету керек. Сонда ғана табысқа жетуге болады. Екі ғасырдың куәгеріне айналған кейіпкеріміздің жасы жүзден асса да, әлі тың. Күнде далаға шығып, таза ауамен тыныстауға тырысады. Жаңалықтарды да қалт жібермейді. Бүгіндері ақ жаулықты әжейдің балаларының алды 75-ке аяқ басса, кенжесі 60-тан асқан.

«Бала кезімізде соғыс туралы, сол кезде жас қыз болғанына қарамастан қалай еңбек еткенін жиі айтып отыратын. Әкем екеуі 44 жылы шаңырақ құрды. Қазір әрине, дұрыс сөйлей алмайды. Бірақ оның берген ақылы мен кеңестері әрқашан жадымызда», — дейді тыл еңбеккерінің қызы Орынтай Ғалымова.

Бүгінде ғасыр жасаған әже 4 баладан 13 немере, 15 шөбере және 14 шөпшек сүйіп отыр.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/rustam8264_01.MP4_snapshot_00.51.680-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x