Қозыбаев университеті  жыл сайын 100-ге жуық түркиялық мектеп түлегін қабылдайтын  болады. Ол жерглікті жоғары оқу орны мен Түркияның Eurostar Overseas Education Consultancy білім беру агенттігі арасында келісім арқасында мүмкін болып отыр,  деп жазады Qazaqstan Media.

Түрік елінің студенттері Foundation бағдарламасы бойынша бір жылдық дайындық курсынан өтіп, кейіннен University of Arizona және Қозыбаев университеті арасындағы қос диплом бағдарламасына қатыса алады. Бұл бағдарлама арқылы түлектерге бір уақытта екі диплом — қазақстандық және америкалық диплом табысталады.

Қозыбаев университетінде түркиялық студенттер оқитын болады
Қозыбаев университетінде түркиялық студенттер оқитын болады

Халықаралық бағдарламаларға  қызығушылық күннен күнге артып келеді. Биыл Аризона университетімен жүзеге асырылатын бағдарламаларға 350-ден астам студент түсті, оның 153-і қос дипломды таңдады.

Бүгінде Қозыбаев университеті Қытай, АҚШ, Өзбекстан және басқа да елдерден келген студенттерді қабылдап отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғынын бұқа сүзіп, алты қабырғасын сындырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *