51 жастағы солтүстікқазақстандық бұқадан зардап шегіп, ауруханаға түсті.Үй жануары оны мүйізімен сүзіп, бірнеше қаьырғасын сынырған, деп жазады Qazaqstan Media.
Қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлеріне жүгінген ер адам, сол жақ кеудесінің ауырсынуына шағымданыпты. Айтуынша, бірнеше күн бұрын оны бұа сүзіп алған. Бірақ, оған науқас аса мән берген. Кеудесі ауырса да, «өздігінен кетеді» деп, жүре берген. Алайда жағдайы нашарлап, дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Медицина қызметкерлері пациентті тексеріп, рентген арқылы сол жақтағы алты қабырғаның сынуын анықтады. Өкпенің зақымдану қаупі мен асқынуларды ескере отырып, науқас шұғыл түрде аурухананың травматология бөліміне жатқызылды.
«Стационарда ол тұрақты бақылауда болып, ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және тыныс алу терапияларын қабылдады. Дәрігерлер пневмония мен басқа да асқынулардың алдын алу үшін күнделікті жағдайын бақылап отырды»,-деп хабарлады аталмыш аурухананың баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Ол амбулаториялық ем алу және тыныс алу жаттығуларын жалғастыру бойынша нұсқаулықтармен үйіне шығарылды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да автоматтандырылған жем зауыты ашылады