Петропавлда инвестициялық жоба – «John Deere» сервис орталығын салу мәселесі талқыланып  жатыр.  Алдын ала инвестициялық көлемі – 2,5 млрд теңге деп бағаланып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыста «John Deere» сервис орталығыны салу мәселесін талқылауға  «Eurasia Group» компаниясының GR-директоры Нұрлан Есімов келді.  Кездесу барысында аталмыш жоба  аграрыл өңір үшін аса қажетті екені айтылды. Себебі заманауи техникамен жабдықталған сервис орталығы ауыл шаруашылығындағы соңғы тенденциялар мен сұраныстарға толық жауап береді. Жоба шеңберінде бірнеше маңызды бағыттар жүзеге асырылады:

Қазақстан бойынша түпнұсқа қосалқы бөлшектердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету;

Қолданыста болған техниканы капиталдық жөндеу және қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейту;

Фермерлер мен жас мамандарды ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға үйрету және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Петропавлда «John Deere» сервис орталығы салынады
Петропавлда «John Deere» сервис орталығы салынады

Сервис орталығы тек жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орны ғана емес, сонымен қатар аграрлық білім мен инновациялардың орталығына айналады деп күтілуде.

Жобаның алдын ала инвестициялық көлемі – 2,5 млрд теңге. Бұл қаржы өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар фермерлік шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға септігін тигізбек.

Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында дәстүрлі дала күні мерекесі өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *