Петропавлда «Туған жер — бірлік пен елдіктің мекені» атты гала-концерт өтті. Шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген белгілі өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шарада ән де айтылды, би де биленді. Өткеннен сыр шертер туындылар да орындалды. Концертке келген көрермендердің қарасы қалың. Әр әуен, әр үн тыңдарманның көңілінен шықты.

Шарада барлығы 20-ға жуық туынды орындалды. Айта кету керек, концерт соңында «Үздік ауылдық мәдениет мекемесі — 2025» байқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпазды анықтау үшін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары әр ауданға барып, ондағы өнерпаздардың өнерін бағамдаған болатын.

Көптен күткен байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынға Айыртау және Қызылжар ауданының мәдениет мекемелері ие болды. Тұғырдың екінші сатысынан ауданы Уәлиханов ауданы көрінсе, бірінші орынға Жамбыл ауданының мәдениет үйі жайғасты.

Бас жүлдені Ғ.Мүсірепов ауданы еншіледі. Аталған ауданның мәдениет ошағына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су жаңа «Газель» автокөлігінің кілтін табыстады. Қалған жүлдегерлер да қомақты ақшалай сыйлықпен марапатталды.

СҚО-ның үздік ауылдық мәдени мекемесі анықталды
СҚО-ның үздік ауылдық мәдени мекемесі анықталды

Осы сияқты байқаулар өңіріміздің мәдениет саласының дамуына зор септігін тигізеді. Мұндай шаралар арқылы жаңа таланттар ашылады. Мүмкін осы қыз-жігіттердің арасынан болашақ эстрада жұлдыздары шығып қалар. Барлығыныз бүгінгі келіп жеткен қала күнімен құттықтаймын, деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов

Тағы оқыңыз: Петропавлда кішкентай қала аруы анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *