Петропавл тұрғынына полиция қызметкерінің формасын кигені үшін айыппұл салынды. Үкімді Петропавл қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Сотта анықталғандай, тәртіп сақшысының заңсыз кию фактісі 2025 жылғы 20 маусымда қаладағы маршруттық автобустардың бірінде анықталған. Б. есімді азамат ІІМ  айырым белгілері бар арнайы формасын — «Жол патрульдік полициясы» жазуы бар жилетті заңсыз киіп жүргені үшін ұсталған.

Құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, арнайы киім тәркіленді.

Соттың қаулысы дереу заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында пара алып сотталған экс шенеунікке қатысты тағы бір сот үкімі шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *