Бесінші шілдеден бастап елімізде ағаш пен бұтақтарды заңсыз кескендерге қомақты айыппұл салынады. Бұл жаңа талап — Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 17 маусымдағы бұйрығына сәйкес күшіне енеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа ереже тек сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан ағаштарға арналмаған. Кәдімгі көшелер мен аулаларда өсіп тұрған жасыл желекке де қатысы бар. Енді қарағай, шырша, балқарағай сынды ағаштарды кескендер 15-тен 45 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Қайың мен аршаға зиян тигізгендерге – 165 мың, өрік, алма, шие секілді жеміс ағаштары үшін – 157 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Тіпті, қарапайым бұта тектес өсімдіктер мен талдарды кескендерге де 153 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға ескерту – кез келген өсімдікті кесер алдында жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу қажет.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» ФК сырт алаңда турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Астана» ФК-мен тең түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *