Облыс орталығында 40 жұмыс берушінің басын қосқан бос орындар жәрмеңкесі өтті. Олардың арасында жақын маңдағы аудандардан келген кәсіпорын өкілдері де бар, деп жазады Qazaqstan Media.  

Петропавлдың еңбек мобильділігі  орталығы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «екі қолға бір күрек» іздеп жүрген 1000 адамды шақырған. Оның ішінде қолдарына дипломдарын енді алған жастар мен зейнетке бірер жыл қалған тұрғындар да бар.

«Қазіргі кезде электриктер, электргаз дәнекерлеуші, жүргізушілер, есепшілер, дәрінекерлеушілерге сұраныс көп. Жұмыс іздеп келгендердің басым бөлігі білімдері мен кәсібиліктеріне қарай жалақының жоғары болғанын қалайды», -дейді Петропавл қалалық еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Ботакөз Оразбаева.  

Биыл жыл басынан облыста 80 бос жұмыс орны жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Онда 5000-ға жуық тұрғын жұмыс іздеп келген.  

Петропавлда 40 жұмыс беруші  бос орындар жәрмеңкесіне қатысты
Петропавлда 40 жұмыс беруші  бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

«Жәрмеңке туралы мен мансап орталығында білдім. Бос жұмыс орындары өте көп екен, таңдау бар. Осыған дейін сауда слаасында жұмыс істеп келген едім. Енді тұрақты жұмыс  орнын итапсам деп отырмын»,- дейді қала тұрғыны Оьлга Попова.

Зейнет жасына жақын қалған азаматтар үшін «Күміс жас»  мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның аясында  мемлекет жұмысқа орналасу процесін жеңілдете отырып, жалақының бір бөлігін субсидиялайды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жұмыссыз ретінде есепте шамамен 4700 адам тұр-бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз. Биыл  3400 адамды тұрақты жұмыс орындарына, оның ішінде 2500 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туды.

Тағы оқыңыз: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы алғашқы қазақша кәсіби бағдар беретін ойын ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *