27 маусым күні таңертең Петропавл қаласындағы Шәжімбаев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Тілсіз жау тоғызыншы қабаттағы пәтерлердің бірінен басталған, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға орнына дереу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жетті. Өрт сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын жедел ұйымдастырды. От қысқа уақыт ішінде ауыздықталды.
Қауіпсіздік мақсатында баспалдақ маршымен 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі облыстық полиция департаментіне 26 жаңа автокөлік тарту етті