СҚО-дағы түзету мекемелерінде қазіргі таңда 1700-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында тағдыры ерекше жандар да бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі облыстық ҚАЖД берген мәлімет бойынша.

Облыстағы ең қарт сотталушы — 78 жастағы ер адам. Ол дәрменсіз күйдегі адамды қасақана өлтіргені үшін темір торға тоғытылған. Қария әлі алдағы тоғыз жылын түрмеде өткізеді.

ҚАЖД мәліметінше, облыс түрмелерінде 440-тан астам рецидивист бар. Солардың бірі — өмірінің 27 жарым жылын темір тордың ар жағында өткізген . Ол түрмеге осымен алтыншы рет түсіп отыр.

Түрмеде де өмір бар. Оған мына статистика дәлел. Өткен жылы өңірде 14 сотталушы шаңырақ көтерген. Осы ретте жақсы жаңалықпен бөліссек, биыл Петропавлда жаңа түзету мекемесінің құрылысы басталды. Нысан ЖЭО-2 маңында бой көтереді. Жоба құны — 15 млрд теңге. Ғимарат 1000 адамға шақталған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ірі есірткі тобының жолы кесілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *