Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтың 95 жылдығына орай Ғабит Мүсірепов ауданының орталығында алқалы жиын басталды. Шара аясында атақты жерлесіміздің бюстіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Еркін Әуелбековтің есімі қанша жыл өтсе де, ел жадынан өшкен емес. Ол 1968-1985 жылдар аралығында Көкшетау, кейін Торғай облысы партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін абыроймен атқарған. Одан соң Сыр өңірінің тізгінің ұстады. Нар тұлға ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қай өңірді, қай саланы басқарса да зор жетістіктірге жетті.

СҚО-да мемлекеттік және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығы кең көлемде аталып өтілді
СҚО-да мемлекеттік және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығы кең көлемде аталып өтілді

Шараға Мәжіліс депутаттары, белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосуда елге сыйлы жерлесіміздің өмірбаяны мен жасаған игі істері жайлы айтылды.

«Еркін Әуелбеков Қызылорда өңіріне тәжірибедһлі маман болып келді. Соның бастмасының арқасында Арал апатты аймақ ретінде танылды. Ол арнайы екі қаулы шығарып, ғалымдарды шақыртып, зерттеу жүргізді. Аралдың жойылуы, сол маңдағы халықтың денсаулығына әсері бойынша. Кейін 1989 жылы заң қабылданды. Арал апатты аймағында тұратын халыққа жеңілдіктер қарастыру бойынша. Қармақшы, Қазалы аудандарының жұмысшыларына 50 пайыз жалақыларына қосылады. Еңбек демалысына күндер қосылады. Өзге аудан азаматтары үшін 30 пайыз. Міне, Еркін Әуелбековтың Қызылорда өңірі үшін істеген бірден-бір жақсылығы»,- дейдә «Е.Әуелбеков атындағы республикалық қордың» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Аңсат Сәдуақасов.

СҚО-да мемлекеттік және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығы кең көлемде аталып өтілді
СҚО-да мемлекеттік және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығы кең көлемде аталып өтілді

Басқан ізінен әділдіктің, адалдықтың қызғалдағы көктеп шыққан қайраткердің әр ісі ұрпаққа үлгі, кейінгіге ұлағат. Шара аясында ат жарыс және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар ұйымдастыру жоспарланған.
Айта кету керек, Еркін Әуелбеков Ғ.Мүсірепов ауданы қазіргі Жаңасу ауылының тумасы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандар үшін  «Бірлескен қабылдау» акциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *