Биіктіктен құлау, күйік шалу, түрлі жарақаттар мен адам өлімі. Қазіргі таңда жаңалық беттерінен осы сияқты сөздерді жиі естиміз. Биыл өңірде жұмыс барысында 11 жазатайым оқиға тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған болатын. Игі бастаманың басты мақсаты — еңбек адамының мәртебесін арттырып, олардың жұмыс істеу жағдайларын жақсарту. Алайда, бұл салаға ерекше назар аударылғанымен, өндірістік жарақаттану мәселесі әлі де өткір күйінде қалып отыр.
«Биыл облыста 16 адам өндіріс орындарында зардап шеккен. Бұл былтырғы жылға қарағанда 15 пайызға көп. Өкінішке қарай, былтыр жазатайым оқиғалардың кесірінен екі адам ажал құшқан»,- делінген мемлекеттік еңбек инспекциясының QM редакциясына берген мәліметінде.
Мәселен, маусым айының басында Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Новоишим ауылында теміржол вокзалын жөндеу кезінде 45 жастағы жұмысшы биіктіктен құлап көз жұмған. Бірақ, бұл ресми ақпар емес. Бұл дерек алты айлық статистикаға енуі мүмкін.
Тағы оқыңыз: Айыртау ауданындағы туристік аймақтарда ұялы байланыс жоқ