Ел мерейін асырған спортшылар мәңгі есте сақталуы тиіс! Петропавлдың Борки кентінде «Чемпиондар аллеясы» ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл игі бастама өңіріміздің ардагер спортшысы Бауыржан Құлжановтың арқасында жүзеге асты. Азаматтың аллеяны ашуға 13 жыл уақыты кеткен. Зейнеткер спортшы толағайларымызды солтүстікқазақсстандықтар мәңгі есте сақтағанын қалайды.
Аллея аумағында 26 чемпионға арналып ескерткіш қойылған. Айналасы жасыл желекке толы. Жерлестеріміз мұнда келіп демалыстарын өткізе алады. Айта кету керек, шара «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

«Тәуелсіздік жылдары спортшыларымыз Олимпиададан 86 медаль жеңіп алған. Оның 65-і «Динамо» спорт клубының мүшелеріне тиесілі»,- деді «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы төрағасының орынбасары Асқар Омарқұлов.
Тағы оқыңыз: СҚО-да қарасораны өсіру әлі талқыланып жатыр