Солтүстік Қазақстанда әйелдер колониясында ана мен нәрестені бір-бірінен ажыратпас үшін, «бала үйі» ашылады. Яғни сәби үш жасқа толғанға дейін сотталған анасының қасында болады. Бұл туралы QM редакциясының сауалына ресми түрде ҚР Қылымыстық-атқару жүйесі комитеті жазды.
Қазіргі кезде Қазақстанда 29 жүкті келіншек түзету мекемелерінеде жазасын өтеп жатыр. Елімізде түзету мекемесінде жалғыз ғана «бала үйі» бар. Ол Алматы облысы Жауғашты елді мекеніндегі №10 мекеменің аумағында орналасқан. Бұл мекеме аналарымен бірге жазасын өтеп жатқан балаларға арналған.
«Аталған үйде балалардың өмір сүруі мен дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Олар медицина қызметкерлері, педагогтар және тәрбиешілердің тұрақты бақылауында болады. Сонымен қатар, мекемеге үнемі бақылаушы органдар мен адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар келеді»,- деп жауап берді Қылмыстық-атқару жүйесі комиеті.
Енді, алдағы уақытта дәл осында анасы мене баласы бірге жазасын өтейтін мекеме Солтүстік Қазақстанда да болады.
«Әйелдер жазасын өтеп жатқан мекемелерде бала үйін салу бойынша жұмыстары бүгінде жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта мұндай үйлер Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында салынуда»- деп жазды КАЖК төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов.
Мекемелердегі медициналық көмекті қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндетінде болады. Жалпы бұл бала үйінде нәресте анасымен үш жақса дейін бола алады. Ал, егер осы уақытта анасының бостандыққа шығуына бір жыл қалса, онда бала анасының қасында төрт жасқа дейін болады. Бұл 2023 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес ұлғайтылған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Yandeх Qazaqstan» акселерациясының апталығы басталды