18 маусым күні Петропавл қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебінде түлектерге аттестат табыстау рәсімі кезінде төтенше жағдай орын алды. Сағат 11:00 шамасында акт залында төбенің армстронг үлгісіндегі плиткасышамамен 13 шаршы метр көлемінде опырылып түскен, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға болған сәтте залда 100-ге жуық адам болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Жиын бірден тоқтатылып, іс-шара мектеп ауласына ауыстырылып, сценарий бойынша жалғасқан.
Қазіргі уақытта жағдайдың себебі анықталып жатыр. Білім басқармасының берген мәліметінше, акт залында жөндеу жұмыстары 20 жыл бұрын жүргізілген. Оқиға орнында арнайы комиссия тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті акт жасалып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынатын болады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда сауда павильоны өртенді