41 жастағы қала тұрғыны Николай Емельянов араққа сылқия тойып алып, үйінде жанжал шығарған. Бірге тұратын туған әпкесіне сүйектен өтетін ауыр сөздер айтқан. Сол үшін заң алдында жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Туғаны мас күйде жанжал шығарғанда әйел адам дереу полицияға шағымданған. Себебі, бұл бірінші рет емес екен. Айыпталушының ісі бойынша сот жария түрде қаралды.
Аталған іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденді.
«Николай Емельянов 10 күнге қамауға алынсын»,- деді Петропавл қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дамир Шамуратов.
Айыпталушы да өз кінәсін мойындады. Ол енді мұндай іске бармайтынын жеткізді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жыл білім беру және ғылыми зерттеулер жылы болуы мүмкін